2022 жыл – Балалар жылы аясында «Менің кітапханадағы алғашқы күнім» атты ашық есік күні ұйымдастырылды

2022 жыл – Балалар жылы аясында  «Менің кітапханадағы алғашқы күнім»  атты ашық  есік күні ұйымдастырылды

3 мамыр күні «2022 жыл – Балалар жылы» аясында  «Менің кітапханадағы алғашқы күнім»  атты ашық  есік күні ұйымдастырылды.

«Ұлағат» мектебінің оқушылары кітапхана  бөлімдеріне  саяхат жасап, «Еркетай» балалар   алаңында  әдеби, интеллектуалды, логикалық ойындар ойнап, дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытатын балаларға арналған әдебиеттермен танысты.

Оқушылар «Алақай қуыршақ» театрының сахналаған  «Қаңбақ шал» ертегісін тамашалады.