Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастыру

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастыру

Биылғы жылдың басты жаңалығы - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба бойынша өнім беруші білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомостволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға және дара кәсіпкер болып табылады.

Үйірмеге қатысатын балалар мен жасөспірімдердің  жас ерекшеліктері 4-18 жас аралығын қамтиды

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары туралы толық мәліметпен  төмендегі сілтемелер бойынша таныса аласыздар:

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022634

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022628

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022644

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022643

Мемлекеттік тапсырысқа қатысуға ниет білдірген барлық өнім берушілер мен  балалардың заңды өкілдерінен artsport.edu.kz порталына тіркелу арқылы өтінім  қабылдау басталды.

ҚР Мәдениет туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде  жоғарыдағы қағидаларға  сәйкес жүзеге асырылғалы отырған бұл жоба  балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту, оларға рухани‑мәдени бағыт беру, олардың бос уақытын мазмұнды және тиімді ұйымдастыруға зор мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізуге қызығушылық танытқан тұлғалар төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 8 (7242) 60-53-24, 60-53-02, 60-53-06.