1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай театр ұжымы кішкентай көрермендеріне премьера тарту етті.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай театр ұжымы кішкентай көрермендеріне премьера  тарту етті.

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Р.Киплингтің «Маугли» жаңа қойылымын ұсынды.

Қасқырлар үйірінде өскен үнді баласы Маугли қабыланша ағаштан-ағашқа өрмелеуге, балықша суда жүзуге, маймылша бұтақтарда секіруге әп-сәтте машықтанып алады. Осылайша Джунгли патшасына айналған бөрі баланың батырлығына  кішкентай көрермендер куә болды.