31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай театр "Ашық есік" күнін жариялады.

31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай театр "Ашық есік" күнін жариялады.

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында 31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасы көрермендерге ақысыз негізде ұсынылды.

Қойылымда атақты мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмірі жайлы сипатталды. Мақсаты – өз заманынан озық туған тұғыры биік тұлғаның білімге құштарлығын, еңбексүйгіштігі мен отансүйгіштік қасиеттерін үлгі-өнеге ету;  жан-жақтылығы, ширақтығы, уақытты бағалағыштығы және халқы үшін сіңірген еңбектері туралы кейінгі ұрпаққа мағлұмат беру болды.