Қызылорда облысында былтыр 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды

Қызылорда облысында былтыр 2 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды

Өткен жылы елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750, ұлы Абайдың 175, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтіп, мерейтойлар аясында облыста 2000-ға жуық іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

«Youtube платформасында арнайы «Сыр шаңырағы»,«Сыр қоғамы», «Сыр бірлігі», «Сыр жастары», «Сыр спорты»  медиа-арналары ашылды. Сыр жерінде алғаш рет Латиф Хамидидің атақты «Абай» операсы қойылды. Оған өңірдің жүзге жуық әртісі қатысты».

Ежелгі және ортағасырлық қалашықтарға, атап айтар болсақ, Бәбіш-Мола Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала, Асанасқа археологиялық зерттеулер жүргізілді.