
Сіздерді Ұлттық домбыра күніне арналған 3 шілде күні сағат 10.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтетін «Сыр толқыны» ІІІ республикалық күйшілер конкурсына және 5 шілде күні сағат 20.00-де Президент саябағында өтетін «Домбыра - халық мұрасы» мерекелік шараға шақырамыз. Тылсым дыбыс пен қасиетті қара домбыраның үні жүректерді тербейтін сәтті бірге тамашалайық.