Облыс әкімі М. Ергешбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарының аясында «Сығанақ» қалашығындағы зерттеу жұмыстарының барысымен танысты

Облыс әкімі М. Ергешбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарының аясында «Сығанақ» қалашығындағы зерттеу жұмыстарының барысымен танысты

Ортағасырлық Сығанақ қалашығы - еліміздегі ең маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады. Қыпшақ хандығының, кейін Ақ Орданың және Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қала орны. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған маңызды тарихи ескерткіштер қатарына кіреді.

Қазір мұнда ежелгі қамал дуалдарының іздері, төбешікке айналған құрылыс қалдықтары және археологиялық қазба жұмыстары барысында анықталған нысандар сақталған. Қалашық толық қалпына келтірілмегенімен, оның тарихи келбетін зерттеу, сақтау және қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Сонымен қатар, қалашыққа жүргізілген археологиялық қазба нәтижесінде табылған жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.