
Алқа мәжілісіне басқарма қызметкерлері, мәдениет және архив ұйым басшылары мен орынбасарлары қатысты. Қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандық мәдениет үйлері мен клубтар, кітапхана, музей және архив басшылары zoom платформасы арқылы қатысты.
Алқа мәжілісінде басқарма басшысы Ж. Сейілов облыстың мәдениет және архив салалары бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Ж. Құрамысова облыстағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйі, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы» жобасының жүзеге асырылуы туралы, Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З. Шалабаева «Руханият» орталығының 2025 жылы атқарған жұмысы және 2026 жылға арналған жоспары туралы хабарлама жасады.
Облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбет алқа мәжілісі отырысында мәдениет және архивтер қызметін атқару бойынша қала, аудан әкімдіктері мен басқармаға бірқатар тапсырмалар жүктеді.