Жаңа конституция: рухани құндылықтар мен жаңару жолы

Жаңа конституция:  рухани құндылықтар мен жаңару жолы

Облыстық мәдениет және архив ұйымдарының мамандарымен жаңа ҚР Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

Жиында басқарма басшысы Ж. Сейілов жаңа ҚР Конституциясынның жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірді.

Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту мәселелері қамтылғаны айтылды.

Сондай-ақ, жиын барысында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, заң жобасының жетілдірілуіне өз үлестерін қоса алатындығын атап өтті.

Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, қатысушылар жаңа Ата Заң жобасының ел болашағы үшін маңызын жоғары бағалады.