ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық  музыкалық драма театрында жаңа маусымның алғашқы премьерасы өтті. Жан-Батист Мольердің (қазақ тіліне аударған А.Сүлейменов) «Ақымақ болған басым-ай» комедиясы 21 қазан күні көрермен қауымға ұсынылды.

Отбасындағы ерлі-зайыптылардың әлеуметтік теңсіздігі тудырар қиындық қай кезде де өзектілігін жойған емес. Жорж Данден есімді кейіпкердің отбасылық өмірдегі басынан кешкен осындай қиындықтары ұтқыр әзілмен суретеледі. Қарапайым шаруа отбасынан шыққан жас жігіт ақылына көркі, еңбегіне мінезі сай ақ сүйек қызға үйленуді армандайды. Бірақ, өкінішке қарай, өмірде армандағаныңның бәрі бірдей орындала бермейді. Амал жоқ, Данденге әйелінің көлеңкесінде ғұмыр кешуге тура келеді...

Спектакльді қойған режиссер – Оразалы Ақтөре Оразалыұлы, суретшісі – Нұркен Қалымбетов,  музыкалық жетекшісі – Рүстем Ізтаев.

Алдағы театр маусымында көрермендер назарына Д.Рамазанның «Абылайханның арманы», Х.Әмір-Темірдің «Ешкімге керегі жоқ ауыл» спектакльдерінің премьерасы ұсынылады.