Хұсейін Әмір-Темір 80 жасқа толды

Хұсейін Әмір-Темір 80 жасқа толды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлын қабылдап, 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Хұсейін Әмір-Темір шығармашылық еңбек жолында 200-ден аса спектакльді сахналап, өңіріміздің театр өнерінің әлемге танылуына және театр саласында жас таланттарды тәрбиелеуге зор үлес қосты.  

Сонымен қатар, облыс әкімі Хұсейін Әмір-Темірге мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын тапсырды. Кездесуге Хұсейін Әмір-Темірдің үзеңгілес досы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» ордені мен «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Сайлаубай Жұбатырұлы қатысып, мерейтой иесін құттықтап, естелік әңгімелер айтты.