«Сандық кеңістіктегі библиография қызметі» атты облыстық семинар

«Сандық кеңістіктегі библиография қызметі» атты облыстық семинар

 2025 жылы 26 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сандық кеңістіктегі библиография қызметі» тақырыбында аудандық, қалалық кітапханалардың библиограф мамандырының қатысуымен семинар өтті. Семинарда ақпараттық–библиографиялық қызметте интернет және ақпараттық технологияларды пайдалану, «WEB-PABIS ақпараттық жүйесінің «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру» модульдері», «Виртуалды анықтама қызметі», толық мәтінді мәліметтер дерекқорларын қалыптастыру, «WEB-PABIS» каталогизатор модулімен библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру, Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығының жұмысы туралы сөз қозғалды.