Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының 66-шы маусымы 9 қазан күні сағат 18.00-де Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклімен ашылады.
Спектакльдер карантин талаптарына сәйкес маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50 адамнан аспайтын көрермендердің қатысуымен өткізіледі.
Сонымен қатар, жаңа маусымда Қайрат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы мен Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы және Алтын Орданың 750 жылдығына орай Думан Рамазанның «Абылайханның арманы», Хұсейн Әмір-Темірдің «Ешкімге керегі жоқ ауыл» спектакльдер премьерасы көрермендер назарына ұсынылады.