«Рухани қазына – 2020» фестивалінде Сыр елі үздіктер қатарында

«Рухани қазына – 2020» фестивалінде Сыр елі үздіктер қатарында

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен өткен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалінде облысымыздың бірқатар мәдениет ұйымдары мен сала мамандары республика бойынша топ жарып, жеңімпаз атанып, арнайы номинациялармен марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

«Үздік облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» номинациясымен – Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы;

«Үздік музейлік онлайн жоба – 2020» номинациясымен – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «АСЫЛ МҰРА» тележобасы, жоба авторы музейдің бөлім меңгерушісі Беккулиева Әйгерім;

«Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы» номинациясымен - Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық клубы;

«Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясымен – Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі филиалы;

Ахмет Жұбанов атындағы арнайы жүлдемен - Қазалы аудандық мәдениет орталығының директоры Өтеп Кемеңгер Байназарұлы.

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтай отырып, қызметтеріне табыс, еңбектеріне жеміс тілейміз!