ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ж. Сыдықов облыс тұрғындарымен кездесті

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ж. Сыдықов  облыс тұрғындарымен кездесті

2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ж. Сыдықов жұмыс сапарымен  Қызылорда облысында болды.

Жұмыс сапарының аясында Өнер орталығында өткен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шараға қатысып, БАҚ өкілдеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларын табыстады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мәдениет саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындар тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болып, сауалдарын жеткізді.

Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратымен, «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтарымен және Сырдария ауданындағы «Руханият» орталығының жұмысымен танысып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бағытында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.