2025 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ж. Сыдықов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарлануда (2025 жылғы 27 маусым сағат 15:00, Қызылорда қ., Ы. Жақаев көшесі 24, «Достық» үйі).
Жеке қабылдауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-13-33, 8 (701) 441-72-32 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.