Елордамыз Астана қаласында өткен “РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2025” ресубликалық байқауында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының сектор меңгерушісі, сценарист Мәлік Қонысбек Зулпыхарұлы «Үздік мәдениет қызметкері» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық мәдениет қызметкерлері сынға түскен байқау 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз