Меню

Страницы

Статья

Өңірдің мәдени өмірі

Қызылорда облысы бойынша 412 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 171 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, Жастар театры, Анаға тағзым орталығы, мәдени-демалыс паркі, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).

Өңірімізде  классикалық өнерді дамыту, көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну мақсатында облыстық филармония жанынан симфония оркестрі құрылды.

Қызылорда қаласында «Жастар театры» құрылды.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған 20 тұлғаға (500 мың теңгеден жүлде қоры табысталды) арнайы «Тұран» сыйлығы табысталып, облыс мәдениет ұйымдарындағы 8 өнер ұжымына 40 домбыра берілді.

Облыс мәдениет ұйымдарының 13 маманы шетелдерде біліктілігін арттырды.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары ұйымдастырылды.

Астана қаласының 25 жылдығына орай Елордада Қызылорда облысының Өнер күндері ұйымдастырылды.

Облыстық филармонияда 2023 жылы 219 шара өткізілді. Оған 52 422 көрермен қамтылды. Оның ішінде 134 концерт, 85 қойылым - (қайырымдылық-11, гастроль-32).

Ақмола облыстық филармониясымен шығармашылық Меморандум жасалып, «Томирис» би ансамблі мен Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің «Би әлемі» атты біріккен концерті Қызылорда және Көкшетау қалаларында өткізілді.

Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2023 жылы 227 спектакль көрерменге ұсынылды, оның ішінде драмалық спектакль – 108, балалар қойылымдары –133. Барлық спектакльдерге – 50 386 көрермен қамтылды.

Сондай-ақ, театр ұжымы желтоқсан айында Астана қаласының 25 жылдығына орай Елорддада өткен облыстың өнер күндері аясында Ш. Айтматовтың «Жәмилә» драмасы мен Р. Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклін астаналық көрермендерге ұсынды.

2023 жылы 4 мәдениет нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (Қызылорда қаласы Қарауылтөбе, Жаңақорған ауданы, Жайылма, Өзгент ауылдарындағы  150 орындық клуб, Қызылорда қаласы Талсуат ауылындағы 150 орындық клуб). Қазіргі таңда Қазалы ауданы, Каукей ауылындағы 100 орындық клубтың және Қызылорда қаласында көп функционалды 1000 орындық өнер сарайының құрылысы жүргізілуде.

2023 жылдың қыркүйек айында «Анаға тағзым» орталығымен «Отбасы орталығы» ғимараттары пайдалануға берілді.

«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Жаңақорған ауданы Әбдіғаппар ауылдық клубына, Шиелі ауданы, Б. Кабылов атындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылы 13 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, М.Ералиева атындағы қалалық мәдениет үйі, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық клубы, Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кенттік кітапхана, Арал аудандық тарихи-өлкетану музей, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі, Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов мемориалды музейі, Қызылорда қаласы, №13 қалалық кітапханасы, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылдық мәдениет үйі).

Дата публикации
19 мая 2020
Дата обновления
05 января 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
04 марта 2024
Бюджеттің атқарылуы бойынша ай сайынғы есеп
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
19 января 2023
Хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
• Twitter
• Facebook
• Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары