Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнер

Қызылорда облысы бойынша 413 мәдениет, өнер және архив мекемесі халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде 209 кітапхана, 172 мәдениет үйі мен клуб, 14 музей, қалалық мәдени-демалыс паркі, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, жастар театры, облыстық филармония, «Анаға тағзым» орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі).

Қызылорда облыстық филармониясы:

Қызылорда облыстық филармониясы 1938 жылы ақын Нартай Бекежановтың жетекшілігімен концерттік бюро негізінде құрылған. Аталған жылы Шымкент облыстық драма театрының филиалы есебінде Қызылорда қаласынан эстрадалық концерт бригадасын жасақтау Нартай Бекежановқа жүктеледі. Нартай облыс көлеміндегі ақын, жыршы, әнші, бишілерді жинап, сыннан өткен таланттыларын өз бригадасына қабылдайды.

1972 жылы 16 қарашада Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің №253 бұйрығымен ресми түрде Қызылорда облыстық филармониясы аталды.

2024 жылы Сұлтан Бейбарыс көшесінен салынған 1000 орындық Өнер орталығы облыстық филармония теңгеріміне берілді және филармония жанынан Жыраулар үйі ашылды.

2025 жылы 230 шара өткізіліп, оған 58360  көрермен тартылды. Оның ішінде концерт саны  125, қойылым 105. Бұл шаралардың ішіне 8 қайырымдылық шара, 33 гастрольдік сапар және 1 республикалық конкурс кіреді.

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры:

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры 1955 жылы Талдықорған қаласында Еңбекшіқазақ, Ақсу, Қаратал колхоз-совхоз театрларының негізінде шаңырақ көтерді.

1960 жылы Сыр өңіріне көшіп, шымылдығын Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашты. 1968 жылы В.Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясы» қойылымы үшін театр ұжымы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығына ие болды.

1976–1978 жылдары театр КСРО Мәдениет министрлігінің марапаттарына ие болды. 1981 жылы Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» трагедиясымен ГДР драматургиясы фестивалінің лауреаты атанды.

1997 жылы театрға «музыкалық драма» мәртебесі берілді. Ұжым халықаралық деңгейдегі фестивальдерге қатысып, еліміздің атын танытып келеді. 2015 жылы Лондонда алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль қойылды. 2017 жылы Әзірбайжанда гастрольдік сапарда болды. 2019 жылы «академиялық» мәртебе берілді.

Театр Эдинбургтегі халықаралық «Фриндж» фестивалінде «Ақбаян» драмасымен өнер көрсетті. 2024 жылы Түркияның Анкара қаласында С.Раевтың «Ақ Ләйлек» психологиялық драмасын сахналады.

2025 жылы театр өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай КСРО халық артисі Сәбира Майқанованың шығармашылығына арналған «Сырдың Сәбирасы – I» халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылды. Бұл шара – өткенге тағзым, бүгінгіге мақтаныш, ертеңге аманат.

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры негізгі қызметі ұлттық мәдениетті дәріптеу, қазақ драматургиясын дамыту, көрерменге рухани азық болатын сапалы қойылымдар ұсыну, сонымен қатар жас ұрпақтың театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық байланысты нығайту және қазақ театрын халықаралық деңгейде таныту.

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында 2025 жылдың 3 айында жалпы саны 56 спектакль сахналанды. Оның ішінде: драма - 20, балаларға арналған қойылым - 7, қуыршақ тобының қойылымы - 29. 14235 көрермен қамтылды. Оның ішінде 1980 көрермен қайырымдылық негізде.

24-30 сәуір аралығында Сыр елінде театр майталмандары арасында дүбірлі дода болып өтті.

Айтулы шара Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына арналды.

Қызылорда облысы әкімдігінің, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен шараға Румыния, Грузия, Қырғызстан мемлекеттерімен қатар еліміздің маңдай алды театрлары бақ сынады.

6 күн бойы сырбойылық көрермендер түрлі жанрдағы ең үздік қойылымдарды тамашалады.

2025 жылы 214 спектакльде 64 200  көрермен қамтылды. Оның ішінде драмалық спектакль – 81, балалар мен қуыршақ спектакльдері - 133. Театрда 8 жаңа қойылым сахналанды (А.Н.Островскийдің «Найзағай» драмасы мен Р.Э.Распенің «Мюнхгаузеннің әлемі» балаларға және ересектерге арналған буффонада ертегісі Ә.Тауасаровтың «Аюдың апаны» драмасы, Л.Табукашвилидің «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы, А.Мұратова, Н.Баймаханның «Бір толқын» концерт-спектаклі, «Aiel» драмасы, «Әли баба және 40 қарақшы»,«Ғарыш құтқарушылары» балалар қойылымдары).

Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы:

Облыстың мәдениеті мен өнеріндегі тарихи  жолын 1958 жылы  Қазақ ССР-і Мәдениет Министрлігінің Қаулысына сәйкес облыстық халық творчествосы Үйі болып ашылып бастады. 1980 жылдан бастап Қазақ ССР-і Мәдениет Министрлігінің Қаулысына сәйкес облыстық халық творчествосы Үйі «Облыстық халық творчествосы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми-методикалық орталығы» болып қайта құрылды.

1999 жылы   Облыс әкімінің  1999 жылғы 14 қаңтардағы № 869 шешіміне және облыстық мәдениет басқармасының 27 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес орталық «Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.

Облыс бойынша барлығы 173 мәдениет үйлері мен клубтар (1 облыстық, 7 аудандық, 5 қалалық, 6 кенттік мәдениет үйі мен 3 кенттік клуб, 3 жыраулар үйі, 38 ауылдық мәдениет үйі, 110 ауылдық клуб) халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Президент жүктеген міндеттер мен аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы жүзеге асырылғаннан бері мәдениет ошақтарының жұмысы түрлі форматта қайта жанданып, жыл басынан бері  3391 шараға 340176  көрермен қамтылды.

Оның ішінде 1 республикалық айтыс, 5 облыстық конкурс-байқау ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, ақпан айында «Адал еңбек – ел ырысы» атты Қызылорда облысы мен Алматы облысы ақындары арасындағы республикалық командалық айтыс өткізілсе,  Қызылорда қаласында көркемсөз жанрын дамыту, түрлі деңгейдегі мәдени шараларға талантты жастарды тарту мақсатында «Маржан сөз, қоңыр үн» атты облыстық концерт жүргізушілері арасында конкурсы, Қызылорда қаласының Қазақ АКСР – ның алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «KYZYLORDA  mobfest» облыстық мобилографтар байқауы, күйші, композитор, «Құрмет» орденінің иегері Төлепберген Тоқжановтың 60 жасқа толуына арналған «Туымы бөлек тұлпар» атты облыстық күйшілер байқауы, "Көшпенділер әлемі” атты этно киімдер фестивалі, облыстық ХХҮІІ “Бозторғай” балалар шығармашылығы конурсы, “Таланттар топ жарған күн” сынды дәстүрлі сипат алған жобалар көрерменнің көзайымына айналды. 

2025 жылы 3 ауылдық клубтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (Қазалы ауданында  Майдакөл (100 орындық), Шиелі ауданында Бестам (150 орындық), Жаңақорған ауданында Екпінді (100 орындық).

 «Адал адам мәдени-тәрбие орталығы» жобасы аясында ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда 7 бағыт бойынша 2025 жылы 16348  шараға 1 456 083 көрермен қамтылды.

Балалар шығармашылығын дамыту, шығармашылық үйірмелердің санын арттыру мақсатында ақындық, шешендік өнер, қобыз, жыр-терме, қолөнер жанрларын қамтыған жаңадан 20 үйірме ашылды.

Облыс көлемінде 1 халықаралық, 8 республикалық, 2 аймақтық,  86 облыстық конкурс-байқау, жыр мүшәйралары мен ақындар айтыстары  ұйымдастырылды.

Жыл көлемінде  республиканың өзге өңірлері мен алыс-жақын шетелдерде өткен 33 халықаралық, 32 республикалық, 10 аймақтық конкурсқа өңірден барлығы 500-ге жуық өнерпаз, 25 шығармашылық ұжым қатысып, 72 бас жүлде мен 140 жүлделі орынды иеленді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Мәдени мекемелер жүйесі
Өңірдің мәдени өмірі
Мәдениет және өнер саласында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдер қалай қабылданады?

Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдер қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады. Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдер қағаз түрінде және электрондық үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) арқылы қабылданады. Көрсетілетін қызмет түрі - тегін.
Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдер бойынша төмендегі құжаттар жолдануы тиіс:
1) ЭЦК-мен куәландырылған осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге туралы құжаттарын қабылдауға ұжым басшысының өтінімі;
2) Көркемөнерпаздар ұжымы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) Шығармашылық ұжымға мінездеме, жетекшілер туралы мәліметтер, репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары, ұжымның концерттк бағдарламасы,ақатысушылар құрамы тізімінің электрондық көшірмелері;
4) Марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) Көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардыңэлектрондық көшірмесі (3 мақаладан кем емес)
Қызмет алушының құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну және мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттар кері қайтарылады.

Социальные медиа

• Facebook
• Instagram
Youtube
• Twitter

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты