
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылдың 26-шы желтоқсанында Астана қаласында республикамыздың бас ұстазы ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесуі болып өтті. Шарада қатысушылар «Ауыл мектебі-сапа алаңы» республикалық жобасын қорытындылап, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге облыстан барлығы 7 педагог қатысты.
Кездесу жиыны Астана қаласындағы №89 мектеп-лицей базасында, 125-ге жуық ауыл педагогтері жиналып бас қосты. Жиын барысында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға, инфрақұрылымды жақсартуға және ауылдық мектептерде кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған «Ауыл мектебі-сапа алаңы» республикалық жобасы талқыланды.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев бірқатар педагогтерді білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейі республика бойынша «ТИІМДІ АУЫЛ МЕКТЕБІ» номинациясымен, мектеп директоры Б.Танирбергенов «ІСКЕР МЕНЕДЖЕР» номинациясымен марапатталды. Басқа 6 педагог Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Алғыс хаттармен» марапатталды.