Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.
Ғани Бектайұлы Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.
Мансап
1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі, директордың оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
1995-1997 жылдары Алматы облысы Іле ауданының №12 орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.
1997-2000 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі болды.
2000 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарды.
2001-2006 жылдары "Халықаралық қосымша білім беру орталығы"ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2006-2020 жылдары "EDTECN" халықаралық білім беру орталығының бас директоры қызметін атқарды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды.
2020-2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті қызметін атқарды.
2022 жылдың наурызынан тамызына дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап-Қазақстан Республикасының Білім вице-министрі.
2023 жылғы қаңтардан бастап-Қазақстан Республикасының Білім министрі.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.