"Үздік ата-аналар комитеті" республикалық байқауында бірінші орынды қызылордалық мектеп иеленді

"Үздік ата-аналар комитеті" республикалық байқауында бірінші орынды қызылордалық мектеп иеленді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты "Үздік ата-аналар комитеті"атты республикалық мектеп байқауын ұйымдастырды.

Конкурсты өткізудің мақсаты-отбасылық құндылықтарды сақтау, балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының үздік тәжірибелерін анықтау.

Байқауға еліміздің 17 өңірінен мектептердің ата-аналар комитеттері қатысты. Ата-аналар өз жұмыстарының тұсаукесерлері мен бірлесіп жұмыс істеуге шақырулар дайындады. Сондай-ақ мектептің әртүрлі әлеуметтік және мәдени жобаларына қатысу жөніндегі іс-шаралар туралы есептер тыңдалды.

Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің ата-аналар комитеті бірінші орынды иеленді.