Облыстық пәндік олимпиаданың екінші күні физика, география пәндерінен өтуде

Облыстық пәндік олимпиаданың екінші күні физика, география пәндерінен өтуде
Бүгін облыстық пәндік олимпиаданың екінші күні. Оқушылар физика, география пәндерінен сынақ тапсыруда. Олимпиадада 6 аудитория қамтылған. Білім сынағының барысы тікелей бақылауда өтіп, ютуб әлеуметтік желісі арқылы көрсетілуде.
Екінші күнде 51 бала сынаққа кірді. Жалпы 5 күн ішінде 299 бала олимпиадаға қатысады.
Айта кетейік, үздіктердің үздігі республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алады.