Қызылорда өңірінде «Зерде» интеллектуалды мектебі ашылды.

Қызылорда өңірінде «Зерде» интеллектуалды мектебі ашылды.

Қызылорда өңірінде «Зерде» интеллектуалды мектебі ашылды. 500 орындық білім ошағын облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ашып, сәттілік тіледі. Жеке мектеп кәсіпкер, меценат Сейтқали Алшынбаевтың бастамасымен салынған.
Мектептің мердігер мекемесі «Нұр-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба құны 1 млрд.250 млн.теңгені құрайды. Жаңа ғимараттың аумағы 8 000 шаршы метр, жалпы алаңы 1600 гектарды құрайды. Оқу ордасында 120 қызметкер жұмыспен қамтылатын болады.
Интеллектуалды мектеп 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта оқушылар үшін спортзал, би залы, асхана мен оқу кабинеттері орналасса, екінші қабатта балалар демалыс алаңы және теннис залы салынған. Ал, үшінші қабат заманауи үлгідегі акт зал, компьютер сыныпқа арналған.
Ерекше айту керек, Сыр елінде Қызылорда өңірінде 293 мемлекеттік мектеп болса, жеке мектептер саны 8-ге жетті.