«Елбасы медалі» оқушыларға стимул береді

«Елбасы медалі» оқушыларға стимул береді
«Ел үміті» жоба аясындағы «Елбасы медаліне» Сыр елінен 1000-ға жуық өтінім түсіп, байқауға 436 жас тіркелген. Оның 336-сы қола деңгей, 51-і күміс, 49-ы алтын. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Елбасы жобасының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі Нұрсұлтан Қожабайұлы брифинг өткізді.
Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне жағдай жасау. Әр деңгейдің өту мерзімі мен бағыттары нақтыланды. «Қола» деңгейді 6 айда, «Күміс» деңгейді 12 айда, «Алтын» деңгейді 18 айда орындайды.
Спикердің айтуынша, Елбасы медалі оқушыларға стимул беруде. Бұл олардың танымдық білім көкжиегін кеңейтіп, шығармашылықпен бос уақытпен айналысуына жол ашуда.
Үздіктер 14 желтоқсанда «Елбасы медалімен» марапатталатын болады.