ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2020 жылдың 6 қараша күні жарияланған ішкі конкурс нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен және Қызылорда облысының білім басқармасының бұйрығы негізінде Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы Қазалы ауданының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы 1982 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тарих, құқық және экономика мамандығы, 2017 жылы Аймақтық экономика университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазалы ауданында №70 мектепте мұғалім ретінде бастаған.
2006-2008 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, 2008-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, 2014-2015 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменттің Батыс аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бас маманы, 2016-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, 2017-2018 жылдары Қазалы ауданының білім бөлімі басшысының орынбасары, 2018-2020 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазалы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.