БАСҚАРМА БАСШЫСЫ КӨШБАСШЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ КӨШБАСШЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
🗂 Дүниежүзілік балалар күніне орай Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова онлайн форматта облыстағы көшбасшы балалармен кездеседі.
🗂 Кездесуге әр аудан, қала бойынша бес оқушыдан барлығы 40 оқушы қатысады.
🗂 Дарынды балалар өздерінің тілектерімен бірге көкейде жүрген сұрақтарына жауап алады. Балалар облыстық «Жас Ұлан» ұйымындағы жетістіктері мен азаматтық қоғамдағы белсенділіктері туралы, ерекше қабілеттегі достарының жағдайлары жайында ой бөлісіп, ғылыми жұмыстарға деген қызығушылықтарын сөз етті.
🗂Басқарма басшысы балаларға білім алудың маңыздылы ерекше екенін тілге тиек етіп, жан-жақты ізденіс пен ерекше идеяларына әрдайым қолдау білдіретінін қаперге салды.
🗂 Zoom форматында өткен кездесуде балалар ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып, бірге ән шырқады. Соңында өздерінің сауалдарын да жеткізді.