ІІ оқу тоқсанының ерекшелігі

ІІ оқу тоқсанының ерекшелігі
ІІ оқу тоқсанының ерекшелігі - кезекші топтарға 5 сынып қосылып отыр. Яғни ата-аналардың өтініші негізінде қабылданады.
Балалар шахмат тәсілі бойынша бір партада бір баладан отырады. Сабақтың уақыты – 40 минутқа дейін деп бекітілді. Мектепте дәстүрлі оқитын оқушылар 5 түрлі сатыдан тұратын дезинфекциядан өтеді. Ата-аналар балаларды мектептің ауласына әкеліп, ұстаздарына табыстайды. Қарым-қатынасты мейлінше азайту үшін оқушылардың сабақ кестесі де бекітілді.