Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді.

Жұмысшы біліктілігі бойынша - 25 маусымнан 27 тамызға дейін;

Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) - 25 маусымнан 22 тамызға дейін;

Шығармашылық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;

Педагогикалық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 10 тамызға дейін (9 және 11 сынып базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында);

Медициналық мамандықтар бойынша - 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін, 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін;

Кешкі оқу нысаны бойынша - 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.