Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді

Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді
Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) қазақ тілі алғаш рет халықаралық пәндік олимпиаданың жұмыс тілі ретінде қолданылды. Бұл - мемлекеттік тіліміздің жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне ықпалдасуының маңызды қадамы.
Олимпиада барысында тапсырмалар мен олардың ресми шешімдері ұйымдастырушылардың платформасында қазақ тілінде жарияланды. Осылайша, қазақ тілінің халықаралық академиялық коммуникация құралы ретіндегі әлеуеті іс жүзінде дәлелденді.