№4 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

№4 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес Е.Әуелбеков атындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры болып Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы тағайындалды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова жаңа басшыны ұжымға таныстырып, білім беру саласындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Қарлығаш Дауылбайқызы 1978 жылы Қызылорда қаласында туған. 1995-1999 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің математика және физика мамандығын бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын математика және физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері қызметін және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету орталығының меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары қызметін атқарған.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері.
2009 жылы облыстық білім берудегі ақпараттық-қатынастық технологиялар ресурстық орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары, директоры.
2014 жылдан осы кезге дейін облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығында директоры қызметін атқарды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
«Олимп шыңына жетелеуші», «Көшбасшы педагог-2018» номинациясының иегері, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20 жыл» төсбелгісінің иегері.
«Арнаулы білім ұйымдарындағы дарынды балаларға арналып жүргізілген пәндік сабақ материалдарының жинағы», «Физикалық олимпиадалар есептері» жинағының авторы.