Сарсенбеков Абайбек Жанарбекович 1983 жылы 31 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туылған. 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы « Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2006-2010 жылдар аралығында Қостанай қазақ-түрік лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2010-2011 жылдары Нұрорда қазақ-түрік лицей-кешенінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2011-2014 жылдар аралығында №3 Кентау қазақ-түрік дарынды балаларға арналған лицей-интернатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2014-2015 жылдары Жаңаөзен қазақ-түрік лицей-интернатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2015-2016 жылдары Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;
2016-2018 жылдар аралығында Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры;
2018-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры;
2020 жылдың тамыз айынан бастап №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында директор міндетін атқарушы.