Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, көшесі Күләш Байсейтова, үй 113А, индекс 120014 мекен-жайында орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мемлекеттік мекемесінің басшысы (меңгерушісі) лауазымы бос орнына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Лауазымдық міндеттері:
арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;
білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;
әдістемелік жұмысты басқарады;
құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;
бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 223088 - 270587 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).
Конкурс өткізу мерзімі мен қабылдау орны:
Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі құрылыс №1) хабарлама жарияланған күнінен бастап ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:
«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды 2026 жылғы 26 наурыз - 03 cәуір аралығында Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі құрылыс №1 мекен жайында «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесі арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бөлімдері арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қабылдайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);
7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;
8) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Тел. 60-54-56, bilim@korda.gov.kz
|
Мемлекеттік білім беру Нысан |
|
___________________________ |
Өтініш
Мені ________________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
__________________________________________________________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде_________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
|
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
__________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
|
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
|
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
"____"______________20___жыл __________ /қолы/