
31.10.2025 жылы Қызылорда қаласы, Aray city Mall сауда үйінде Қызылорда облысының тұрғындарына «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Қызылорда облысы бойынша «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында өңірде «Халық Заңгері» республикалық акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету, олардың өз құқықтары мен заң алдындағы мүмкіндіктерін білуіне жағдай жасау.
Акция барысында тұрғындарға прокуратура қызметкерлерімен түсіндірмелі үнпарақтар таратылып, білім саласы мәселелері бойынша кеңес алды.
Акцияға келген халық өз мәселелері бойынша құқықтық көмек алып, олардың бірқатары шешімін тапты, қалғандары бойынша шешім қабылдау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Мұндай игі бастамалар қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың билікке сенімін арттыруға зор үлес қосады.