ҚР Парламенті Сенатының депутаты Акмарал Альназарова және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Байқоңыр қаласында жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Акмарал Альназарова және ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Байқоңыр қаласында жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясының және Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Аталған мектептерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Жұмыс сапары Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының жай-күйімен және Ақай ауылындағы Төретам ауылдық ауруханасының аумағында Байқоңыр қаласының кәсіпкерлерінің көмегімен қосымша 25 орындық провизорлық төсек ашу мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
Содан соң сапар Байқоңыр қаласының әкімшілік басшысымен кездесуге ұласты.