БАЙҚОҢЫРДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНО ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТКІЗІЛЕДІ

БАЙҚОҢЫРДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНО ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТКІЗІЛЕДІ

Қызылорда облысы əкімдігі Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігімен бірлесіп, Байқоңыр қаласында қазақстандық кино туындыларының көрсетілімін ұйымдастыруда.
Отандық кино түсірушілердің туындылары Байқоңыр қаласының «Сатурн» кино-концерт залында бекітілген кестеге сəйкес тегін көрсетілетін болады.
А.ж. 04 қараша күні сағат 12:00-де отандық режиссер С. Өтепбергеновтың «Время патриотов» фильмінің көрсетілімі өткізіледі.
ҚҰРМЕТТІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ, ТӨРЕТАМ КЕНТІ МЕН АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Кино көрсетілімдер бойынша толық ақпаратты «Сатурн» кино-концерт залының ресми жəне əлеуметтік парақшаларынан көре аласыздар!