ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ БАСШЫЛАРЫМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ БАСШЫЛАРЫМЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай облыстық бірқатар құқық қорғау органдары басшылармен бірге қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға облыстық құқық қорғау органдарының бастықтары мен жергілікті орган басшылары қатысты.
Қабылдау барысында Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округының тұрғындары жеке мәселелерін жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңестер айтылды.