А.ж. 22 шілдеде Қармақшы ауданының әкімі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы Байқоңыр қаласында және іргелес Ақай ауылы мен Төретам кентінде жұмыс сапарымен болды.
Іс-сапар барысында аудан әкімі Төретам кентіндегі емханада және Ақай ауылындағы амбулаторияда болып, халықты Covid-19 вирусына қарсы екпе жұмыстарының жүргізілу жұмыстарын бақылап, емхана қызметкерлерімен кездесті.
Сонымен қатар, Төретам кенті және Ақай ауылындағы тұрғындармен жүздесіп, тұрғындардың арыз-өтініштері мен ұсыныс лебіздерін тыңдады.
Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан ауыл әкімдерін тiкелей сайлау бойынша, Ақай ауылдық округіндегі сайлау учаскелерінің дайындығын бақылады.
Аудан әкімінің іс-сапары Байқоңыр қаласында жалғасып, жаңадан салынғалы жатқан 5 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілетін алаңды аралады.
Сондай-ақ, қала активі-жергілікті мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекеме басшыларымен кездесіп, әрі қарай Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Е.В. Морозовамен кездесті.