КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Салт-дәстүрін сақтаған ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Осы орайда, Басқарманың ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай аналардың, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, оларға барынша құрмет көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шара барысында «Келіндер байқауы» ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары жүлделі орындармен марапатталды.

Шара аясында, қала жастарының арасында ұлттық ойын түрлерінен, атап айтқанда, арқан тарту, асық ату, білектесуден жарыстар болды. Жарыс нәтижесінде қатысушыларға мақтау қағаздары, медаль, кубоктармен бірге бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұлттық салт пен дәстүрімізді дәріптейтін осындай іс-шаралар әлі де жалғасын табатын болады.