Аймақтағы қоқыс қалдықтарын сұрыптау мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды!

Аймақтағы қоқыс қалдықтарын сұрыптау мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды!

2021 жылғы 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін заң жобасы «ҚР Экологиялық кодексінің 350 бабының 5 тармағына сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын-ала сұрыптамай көмуге тыйым салынатынын» назарға ала отырып, Байқоңыр қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың сұрыпталуын заңдылықтарға сәйкестендіру мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі, Байқоңыр қаласы әкімшілігі және облыстық экология департаменті қызметкерлерімен бірлескен жұмыс тобы құрылды.
Қызылорда қаласында аталған жұмыс тобының көшпелі отырысы болып, жергілікті қоқыс қалдықтарын өндіретін полигон жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.
Отырыс барысында, Байқоңыр қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын сұрыптау полигонының жаңа кодекс талаптарына сәйкестендіру мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, қазіргі таңда аймақтағы экологиялық мәселелер қала тұрғындарын алаңдатуда. Бұл өз кезегінде облыс әкімдігі мен экология департаментінің қатаң бақылауында.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ұсыныстырыңыз болса Басқармаға жолығып немесе 8 (7242) 40 02 14 телефонына хабарласып, жолдауларыңызға болады.