Қала күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді!

Қала күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді!

Бүгін аты әлемге әйгілі Байқоңыр қаласының 66 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз. Дәл осы жерден Әлемдегі алғашқы зымыран мен жасанды Жер серігі ұшырылып, 1961 жылы тұңғыш рет адам баласы ғарыш кеңістігін бағындырған еді. Ғарыш пен адамзатты байланыстырып отырған Байқоңыр бүгінде әлемде маңызды ғарыштық нысан болып отыр.

Мереке қарсаңында қалалық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында облыс әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың қала күнімен құттықтауы жеткізіліп, қаламызға еңбегі сіңген Виталий Брынкин, Үйреков Кенжебек, Курский Константин, Овчинников Василий, Просочкин Анатолий ағаларымызға «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Шара әрі қарай мерекелік концертпен жалғасын тапты.