Газды қауіпсіз пайдаланудың қарапайым да қажетті ережелері

Газды қауіпсіз пайдаланудың қарапайым да қажетті ережелері

Табиғи газ – пайдалануға ыңғайлы, үнемді отын, үйімізге жылулық пен жайлылық әкеледі.Алайда табиғи газды тұтыну ұқыптылық және жауапкершілікті талап етеді.Газды пайдалану қайғылы жағдайларға соқтырмас үшін газ жабдықтарына ұқыпты қарап, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажет.
1.Газ құрылғыларын қалай пайдалану керек?
Тек жұмыс істейтін газ жабдықтарын пайдаланыңыз. Жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса - бұл құрылғының ақауы бар екенін білдіреді, газ мамандарын шақыруыңыз керек. Жұмыс істеп тұрған газ плиталарымен су жылытқыштарын қараусыз қалдырмаңыз, жанып тұрған жалынның үстіне су құйылып кетпеуін немесе жалынды жел үрлеп, сөніп қалмауын қадағалаңыз. Кішкентай балаларға, өздерінің іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын адамдарға газ жабдықтарын пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Есіңізде болсын! Газдың жануы үшін тұрақты ауа ағыны қажет. Газ плитасын (су жылытқышты) жаққан кезде, терезенің желдеткіші әрдайым ашық болуы керек!
Егер газ беру кенеттен тоқтап қалса, газ құрылғыларын дереу сөндіріп, апаттық газ қызметіне 104 телефоны арқылы хабарлаңыз.
2.Түтін тартылысын неліктен тексеру қажет?
Мұржада және желдету каналдарында тартудың болмауы улануға әкелуі мүмкін.Газ су жылытқыштарынжәне басқа газ құрылғыларын қолданар алдында, мұржада тартудың болуын әркез тексеру қажет.Түтінтартқыш және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге болмайды, желдету каналдарын желімдеп тастауға болмайды,газ жабдықтарының түтін тартқыштарын желдету каналдарына қосуға болмайды,мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктарды бітеп тастауға және желімдеуге болмайды. Мұржаларға және су жылытқыштардан түтін шығаратын құбырларға қосымша шиберді (түтін тежегіш) өз бетімен орнатуға болмайды. Жеке тұрғын үйлердің иелері мұржалардың ұштарын қыста мұз қату мен бітелудің алдын алу үшін, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек.
Есіңізде болсын! Тартым болмаған кезде газ құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады.
3. Неліктен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді үнемі жүргізу қажет?
Күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану үшін тиісті ережелерді білу ғана емес, сонымен бірге пайдаланатын газ жабдықтарының жарамдылығы да маңызды рөл атқарады.Қайғылы жағдайдың болмауы үшін пәтер ішілік және үйішілік газ жабдықтарына мезгіл-мезгіл техникалық қызмет көрсетуді қаматамасыз ету қажет.Ол үшін газ құрылғыларының иесі мамандандырылған ұйыммен техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасауы керек.
4. Газдыңиісіпайда болғанда не істеукерек?
Газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Құрылғылардағы және құрылғылардың шүмектерін жабыңыз.Бөлмені желдету үшін желдеткіштер мен терезелерді ашыңыз. От жақпаңыз,темекі шекпеңіз,электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз,электр қоңырауларын қолданбаңыз.
Газдалмаған бөлмеден «04» немесе «104» телефондарына (ұялы байланыс құрылғылары үшін) қоңырау шалып, апаттық қызметтішақырыңыз.
5. Қауіпсіздік.
ГАЗ ТЕК ДҰРЫС ПАЙДАЛАНҒАНДА ҒАНА ҚАУІПСІЗ.
ТҰРМЫСТА ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
Қызылорда өндірістік филиалы