Қызылорда қаласы мен аудан аумақтарында орналасқан ауылшаруашылығы құрылымдарының назарына.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2020 жылғы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 66-3 тармағына сәйкес тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыш өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алу кезінде тиесілі субсидияларға ақы төлеу туралы өтпелі өтінімдерді ағымдағы жылдың 14 ақпанынан бастап қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Өтпелі өтінімдер тек отандық тыңайтқыш өндіретін («ҚазАзот» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС) аммиак селитрасы, аммоний сульфаты және аммофос тыңайтқыштарына ғана қабылданады.
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда басқарманың 60-54-42 телефоны арқылы ақпарат алуға болады.
Ескерту: