«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан облысқа 2024 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын Дизель отынының зауыттан жіберу бағасы – 278 846 теңге/тоннасына.
2024 жылғы көктемгі егіс және күзгі дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық комиссияның отырысына тиісті құжаттар топтамасын 2025 жылдың 03-05 ақпан аралығында қабылданады. Жоғарыда көрсетілген қағиданың 17-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың тізбесін ұсыну қажет.
- Жұмысшы органның орналасқан жері: Қызылорда облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
- Почталық мекенжай: Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі №1
- Байланыс телефонының номері: 8 (7242) 60-54-42
- Электрондық почта: d.zhumabekova@korda.gov.kz;
Комиссия отырысы 06.02.2025 сағат 15:00-де, облыстык әкімшілік ғимаратында өткізілетіндігін хабарлайды.
Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7242) 60-54-42