Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы субъектілерінің өтінімдерін Gosagro.kz cубсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі веб-порталы арқылы 2025 жылдың 1 ақпаннан бастап өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілетіндігін Қызылорда қаласы мен аудандарда орналасқан ауылшаруашылығы құрылымдарының назарына ұсынамыз.
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда басқарманың 8 (7242) 60-54-44 телефоны арқылы ақпарат алуға болады.
Ескерту: Өтінімде сұратылған мәліметтер толық болуы және қажетті құжаттардың көшірмелері (сканер түрі): Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шоты жайлы анықтама; тұқым өсіру шаруашылығы (тұқым өткізуші, шетелдік тұқым өндіруші) мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші арасындағы сатып алу-сату шарты; тұқымды сатып алынғаны жөнінде төлем құжаттары, шот-фактурасы, тұқымдарды жеткізу туралы жүкқұжаты; тұқымның сұрыптық және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлігі (түйнекті талдау актісі, тұқымдарды талдау нәтижесі тағыда басқа) қоса жолдану қажет.