СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес 2024 жылдың наурыз -сәуір айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған орай, аталған саланың қызметіне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға ұсыныс пен пікірлеріңіз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимаратында орналасқан «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге және a.absadyk@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады. Сонымен қатар, Басқарманың сенім телефонына 8(7242)60-54-47 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.