Қызылорда қаласының тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз!

Қызылорда қаласының тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз!

Бүгін Шиелі мен Қармақшы ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеге 90 жүк көлігіне тиелген 350 тоннадан астам жоғары сапалы өнімдері жеткізілді.

Шиелі ауданынан жәрмеңкеге жеңілдетілген бағамен 47 көлікке тиелген 230 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Тасбөгет кентінің Орталық алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Шиелі ауданынан 40 тоннадан астам күріш, 25 тонна бақша өнімдері, 60 тонна картоп, 25 тонна асқабақ, 50 тоннадан астам көкөніс өнімдері, 3 тоннаға жуық ет, шұжық, балық өнімдері, 1 тоннаға жуық сүт өнімдері жеткізілді.

Қармақшы ауданының шаруалары да жәрмеңкеге 120 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. 44 көлікке тиелген азық-түліктің ішінде 15 тоннадан астам күріш, 25 тоннаға жуық бақша өнімдері, 2 тонна көкөніс, 2 тоннадан астам ет пен шұжық, 1 тоннаға жуық сүт өнімдері бар. Сондай-ақ, мал азығы да әкелінді. Атап айтқанда 2500 дана жоңышқа пресс, 400 дана шөп пресс жеткізілді. Тауарлар нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда.

Өтетін орны: Шиелі ауданы - Тасбөгет кентінің орталық алаңы;

Қармақшы ауданы – Журба көшесінің бойы (С. Романов пен М. Саламатов көшелерінің қиылысы).