Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенінде ел тәуелсіздігінің 30 жылында тұрақты өсу үрдісі бар

Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенінде ел тәуелсіздігінің 30 жылында тұрақты өсу үрдісі бар

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау 2003 жылдан басталды. Сол жылы облыстың ауыл шаруашылығын қолдауға барлығы 142,8 млн.теңге жұмсалды. Ал, 2020 жылды аталған саланы мемлекеттік қолдау көлемі 14,6 млрд. теңгеге артып, 14,8 млрд.теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы жылдары дамудың оң серпіні қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жылда облыстың ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 3,9-дан 4,8%-ға дейін өсті. Бұл ретте 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 141 млрд.теңгені (1991 жылы 2,3 млн. теңгені құрады) құрады.
Жыл сайын облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 500 мың тоннадан астам күріш жинайды. Орташа өнімділік гектарына 61,8 центнерден келді. Бұл 1991 жылғы көрсеткіштен бір жарым есе көп. Сыр маржаны таяу шет елдерде ғана емес, Германия, Нидерланды, Түркия, Иракта да сұранысқа ие. Сонымен қатар, бақша өнімдері мен дәстүрлі ұлттық сусындар қымыз бен шұбат облыстың танымал брендіне айналды.
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина-трактор паркі 25%-ға жаңартылды.
Күріш өсіруде жоғары репродукциялы тұқымдарды 100 пайызға пайдалануға қол жетті, бұл күріш өндірісінің артуына әсер етті.
Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде мал басының барлық түрлері бойынша өңір үшін ең табысты 1991 жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Мәселен, ірі қара мал басы 53,5%-ға, жылқы 2,3 есе, түйе 2,0 есе өсті.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерден көрініп тұрғандай облыстың агроөнеркәсіптік кешені жыл сайын экономиканың неғұрлым тартымды саласына айналуда. Мұны ауыл шаруашылығына салынған инвестициялардың өсуінен де байқауға болады. Осылайша, 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуі 63,4 есе өсті (2020 жылы – 13 597 млн.теңге, 2013 жылы – 214,6 млн. теңге).
Сондай-ақ, азық-түлік өндірісінде инвестициялардың өсуі байқалады. 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар өсімі 10 есеге өсті (2020 жылы – 1225,1 млн.теңге, 2013 жылы – 214,6 млн. теңге).
Жаңа өндірістер пайда болды: "Дәмді" сауда маркасымен "РЗА" АҚ сүт-тауар фермасы, "Жан Арай – жем" ЖШС құрама жем зауыты, "Қызылорда балық" ӘКК ЖШС балық өнімдерін шығару, "Қазақстан Аквакультура Лтд", "Арал СДО" және басқада өндіріс орындарын айтуға болады.
Еттің экспорттық әлеуетін дамыту үшін қуаттылығы 6 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді.
АӨК цифрландыру мақсатында «Акмая» ШҚ «Акмая Smart Farm» цифрлық платформасы «нақты егіншілік» элементтерін енгізу бойынша және «Мағжан и К» ЖШС Қазақстандағы алғашқы цифрлық күріш өңдеу зауытында жобалар іске асырылды.
Сондай - ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын жүйелендіру және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Агробиржа» жобасы іске асты (осы жоба шеңберінде Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында электрондық сауданы жүзеге асыруға және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге мүмкіндік беретін Web-ресурс құрылды).
Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі артып келеді. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (күріш, балық, көкөніс және бақша өнімдері) экспорты 2004 жылдан басталды. Соңғы 16 жылда (2004-2020 жж.) ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 2,8 есе өсті (2004 жылы-10,4 млн.доллар, 2020 жылы – 34,4 млн.доллар).
Экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесі 4-тен (Ресей, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан) 19 елге дейін (Ресей, Өзбекстан, Украина, Иран, Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Германия, Литва, Нидерланды, Польша, Ауғанстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Парагвай, БАӘ, Сауд Арабиясы, Қырғызстан) ұлғайды.
Облыстың АӨК экспортталатын өнім түрлерінің тізбесі 4-тен (2004 жылы - күріш,балық, көкөніс және бақша өнімдері) 19 түрге дейін (2020 жылы – күріш, бидай қалдығы, балық, қауын, қарбыз, қияр, бидай, арпа, мақсары майы, картоп, өсімдік шырындары, рапс және күнжіт тұқымдары, күріш сабаны, көкөністер, қызанақ, тірі қой, түйе және ІҚМ) кеңейтілді.