Кооперативтердің жұмысы қарқын алып келеді

Кооперативтердің жұмысы қарқын алып келеді

Облыста бүгінгі күнге 2239 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы 88 кооператив тіркелді. Оның ішінде 65 ет бағытында, 10 сүт бағытында, 8 бақшылық, 4 құс шаруашылығы және 1 балық шаруашылығы бағытында жұмыс жасауда.
2016 жылдан бастап кооперативтерді дамыту мақсатында жеңілдетілген несиелендіруге 3,7 млрд. теңге қаржысы бөлініп, қосымша 1 910 жұмыс орыны ашылды.
Бөлінген қаражатқа 9 сүт қабылдау пункті, 4 рефрижератор, 4 мал азығын дайындау цехы, 14 989 бас бұқа, 4 416 аналық сиыр, 24 200 бас үйрек пен қаз, 3 000 бас тауық, 550 бас уақ мал және 64 бас жылқы сатып алынған.
Мемлекеттік қолдау шаралары негізінде кооперативтердің мүйізді ірі қара және техника мен жабдықтар сатып алуға 210,7 млн. теңгеге субсидия төленді.
2019 жылы кооперативтермен 392,5 тонна ет, 1506 тонна балық, 3,8 тонна құс еті, 1 млн. данадан аса жұмыртқа, 669,2 тонна сүт және сүт өнімдері өндіріліп, 212 бас түйе, 400 бас қой және 50 бас мүйізді ірі қара малдары экспортталды.
Ал, ағымдағы жылы кооперативтер 135,0 тонна ет, 3000 дана жұмыртқа, 900,0 тонна сүт және сүт өнімдері, 1 тонна ара балы және 5 тонна балық өндіріп, ішкі нарыққа өткізді.
Бүгінгі күні аграрлық өнімді тұрақты сатып алу және өткізу жүйесін оқыту мен аграрлық құзыреттерді арттыруды жолға қойып, бірнеше өңірде ауылдағы «алқаптан сөреге дейін» кооперациялық тізбегін дамыту бойынша пилоттық жобасы іске асуда. Аталған жоба кооперация жұмысын жандандыруға септігін тигізетін болады.