Қызылордада келесі жылы 36 әлеуметтік дүкен ашылады

Қызылордада келесі жылы 36 әлеуметтік дүкен ашылады

Мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының бағалары белгіленген шекті мәндерінен негізсіз артқан жағдайда шекті рұқсат етілген бағалары енгізіледі. Сонымен қатар мемлекет тарапынан азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше тұрақтандыру қорында 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік қатарына жататың 2,5 мың тонна өнім бар. Ондағы І-сортты ұн, күріш, макарон, картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, сиыр еті, тауық еті, сүт, қарақұмық жармасы сияқты өнімдер сақталып нарық бағасынан төмен бағада сатылып жатыр. Қала және қала төңірегінде орналасқан 29 әлеуметтік дүкен мен 2 әлеуметтік маркеттерде және қала бойынша жұмыс жасап тұрған 4 «Мирас», «Аль-Асад», «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет» сияқты ірі супермаркеттерінде келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда халыққа ұсынылды.
«Әлеуметтік дүкендердегі тауар өтімділігі өте жоғары болғандықтан, қорға қосымша өсімдік майы, қарақұмық жармасы, қырыққабат, картоп, қант сияқты 450 тонна өнім көлемі алынуда. Сонымен қатар баға тұрақтандыру және өнімдермен молайту шараларының тиімділігін арттыру мақсатында облыста әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларын өндіруші кәсіпкерлерге, сауда субъектілеріне айналым схемасы бойынша қайтарымды қарыз беру арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары іске асырылуда. Оның ішінде облыс наубайханалары мен тұрғындарды өндіруші бағасымен ұнмен қамтамасыз ету үшін 2 ұн өндіру комбинатына, 2 жұмыртқа өндіруші кәсіпорынға, 1 бордақылау алаңына етпен қамтамасыз ету үшін және 3 кәсіпкерге әлеуметтік бағытта азық-түлік сатылымын қалыптастыруға айналым қаражаттары берілуде», – делінген басқарманың таратқан хабарламасында.
Әлеуметтік дүкендердің желісін ұлғайту мақсатында облыс орталығында қолда бар 29 әлеуметтік дүкенге қосымша 20, әр аудан орталықтарында 2 дүкеннен, яғни барлығы 36 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда ауа райының суытуына байланысты жәрмеңкелер тоқтатылды, алайда күн жылуымен бұл жұмыстар қайта қалыптасатын болады. Республика бойынша күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, қант, жұмыртқа, ұн өнімдерін өндіріп өндеуші кәсіпорындар тарапынан қымбаттаған тауарлардан басқа тауарларға бағалар қалыпты.
Өңірдің табиғи-климаттық жағдайына байланысты облыс азық-түлік тауарларын өндіруінде халықты қарақұмық, қант, өсімдік майы, ұн сияқты әлеуметтік маңызы бар өнім түрлерімен өңірімізде өндірілмеуіне байланысты республиканың басқа өңірлерінен әкелінеді, яғни жасанды тапшылық болдырмау үшін шекті рұқсат етілген бағасын белгілеу экономикалық орынсыз деп табылуда.